Олардың арасында балалар, қарттар мен студенттер бар
Қырғызстан СІМ 150 азаматтың елге қайтарылатынын мәлімдеді. Олардың арасында балалар, қарттар мен студенттер бар. Олар арнайы автобуспен "Ақ-Жол" кеден бекеті арқылы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қырғызстан Қазақстандағы азаматтарын қайтырып жатыр. Оның ішінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдіктілер де бар.
Қазақстан тарапымен төрт қырғызстандық — З. Юбуров, А. Хурова, А.Р. Джишанло, И. Мачоны босату келісілді. Сонымен қатар Қазақстан аумағына бүлік кезінде қайтыс болған Қырғызстан азаматы А.Мұсаевтың анасы С. Иманходжаевның кіруіне рұқсат беру мәселесі талқыланып жатыр.
"Қырғызстан азаматы Б.Төрегелдиевтің Шымкентте тергеу кезінде қатты соққыға жығылды. Ол қазір ауыр хәлде, оған медициналық көмек көрсетілмеген деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Дипломаттар Төрегелдиевпен байланыс орнатты. Ол аман-сау. Өз үйінде, қауіпсіздікте", - деді Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметі.