Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тағайындалсын:
- Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орын;
- Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
- Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
- Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
- Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
- Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
- Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
- Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
- Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
- Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
- Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
- Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
- Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
- Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
- Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
- Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
- Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
- Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
- Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
- Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
- Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.