Қысқа мерзім ішінде арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында ел билігіне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған жағдайда жазаны күшейту керектігі де атап өтілді.
«Полицейлердің құқықтық қорғалуын арттыру, билік өкіліне шабуыл жасағаны және заңды талаптарға бағынбағаны үшін жауапкершілікті күшейту керек. Әскердің жауынгерлік қабілетін арттыру, қысқа мерзім ішінде арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.