Елордада киім дүкені отқа оранды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астанадағы дүкен отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 08:54-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметіне Мәңгілік ел даңғылы, 19/2 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде Cotton дүкенінде өрт шыққаны анықталды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында жеке құрамнан 22 адам және төрт бірлік техника жұмыс істейді. Өрт 09:22-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.