Ғимараттардың терезелері мен кіреберісі зақымданған
Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражай мен ұлттық кітапханаға террористер шабуыл жасаған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғимараттардың терезелері мен кіреберісінің зақымданғаны, есіктердің сынғаны белгілі болды. Бірақ қорлар мен мұрағаттар сақталған.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елдің тарихи-мәдени мұрасының тізіміне енгізілген объектілердің жағдайы, келтірілген залал туралы ақпарат нақтыланып жатыр.