Алматы тұрғыны біреудің пәтерін жиырма рет жалға берген

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция әйелді қамауға алды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда біреудің пәтерін жиырма рет жалға берген әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, 40 жастағы әйел танымал сайттарға пәтерді жалға беретіні туралы хабарландыру берген.

«Хабарласқан адамдарға ол өзін пәтер иесі ретінде таныстырған. Пәтерді көрсетіп, келісімшартқа отырған. Сонымен қатар пәтерде қазіргі таңда тұрып жатқан адамдар 2-3 күнде көшетінін айтқан. Оған сенген адамдар ақшаны алдын ала төлеп отырған», - дейді полиция басқармасындағылар.

Әйел келген адамдардың әрқайсысынан 80 мың теңгеден жоғары көлемде ақша алып, содан кейін байланысқа шықпай қашып кетіп отырған. Кейіннен белгілі болғандай, бұл пәтерге ол қарт адамға қарайласып жұмыс істеген.

Аталға іске қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.