Тоқаев террористермен күресу үшін запастағы әскерилер де шақырылатынын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Құқық қорғау органдары мен әскердің ардагерлері жұмылдырылады

Фото ашық дереккөзден

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев террористер айласын асыру үшін сақалдарын алып, қарапайым азамат ретінде ортамызға кіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Содырлар айласын асырып, жаңа тәсілдер қолданып жатыр, мәселен, сақалдарын алып, қарапайым азаматтар сияқты киініп алған. Алдағы уақытта да үлкен жұмыс атқару керек, сондықтан, құқық қорғау органдары мен әскердің ардагерлерін тартамыз», - деді Тоқаев.