Шетелдегі отандық туристер астана арқылы жеткізіледі – ИИДМ

Автор: Azattyq Rýhy

Кеңесте рейстерді ұйымдастыруға тартылған барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының егжей-тегжейі пысықталды

Фото: ашық дереккөзден

Жаңа жылдық демалысқа БАӘ, Шри-Ланка, Таиланд, Мальдив және Гоаға кеткен туристерді елге жеткізу жұмыстары мүмкіндігінше жеделдетіліп, елорда әуежайы арқылы жүргізіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, әуе компанияларының, әуежайлардың, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының басшылығымен өткен кеңейтілген кеңесте шетелге демалысқа кетіп, әуежайлар жұмысының тұрақсыздығына байланысты елге оралуы қиындаған қазақстандықтарды эвакуациялау кестесін тез арада әзірлеуді тапсырды.

Кеңесте рейстерді ұйымдастыруға тартылған барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының егжей-тегжейі пысықталды», - делінген ведомство хабарламасында.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығына пойыздарды жасақтау кезінде жолаушыларды қайтару кестесін ескеру және оларға барынша көмек көрсету тапсырылды.