11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Алдағы күндері ауа райы айтарлықтай өзгермейді

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 11 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Атмосфералық фронттардың республиканың басым бөлігіне әсері әлі де бар. Оның ықпалымен кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, оңтүстік және оңтүстік-батыста – көктайғақ. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынынң кей жерлерінде тұман түседі.