Алматыда тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктілер қамауға алынды

Байтұрсынов көшесіндегі үйлердің бірінің жалдамалы пәтерінде қаланың Алмалы ауданының полиция қызметкерлері сегіз ер адамды ұстады, олардың алтауы Жамбыл облысының, тағы екеуі Талдықорған қаласының тұрғыны. Бұл туралы Azattyq Rýhy Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталғандардың ең үлкені – 25 жаста, кішісі – 19-да.

Күдіктілер жалға алған үйден қала дүкендерінен ұрланған тұрмыстық, цифрлық, оргтехника мен әскери құралдар табылды.

Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде, бұл ер адамдар тобы осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда орын алған тәртіпсіздіктер мен тонауға белсенді қатысушылар екендігі анықталды.

Күдіктілер қамауға алынды.