Сессия отырысы тікелей эфирде көрсетіледі
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін сағат 13:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.
Сессияның отырысы «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі», - деп жазды Берік Уәли.