Аймақта 5 блок бекет қойылған
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша тек соңғы тәулікте блок бекеттерден 7 аңшы мылтығы тәркіленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сонымен бірге көлік рөліне мас күйінде отырған 5 жүргізуші ұсталды. Құқық бұзушылық дерегі бойынша 575 адам полиция бөліміне жеткізіліп, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 37-сі қамауға алынды.
Төтенше жағдай режимін бұзу және заңсыз митингке шақыру бойынша өңірдің 10 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамауға алынды.
Айта кету керек, аймақта 5 блок бекет қойылған, олардың екеуі облыс орталығының аумағында. Күштік құрылымдар күшейтілген режимнің айрықша түрі бойынша жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай режимінің бұзылмауын жаяу және автопатрульдер қадағалайды. Мемлекеттік шекара мен өткізу бекеттерінде де қауіпсіздік шаралары күшейтілді.