Қазіргі уақытта аса маңызды нысандардың бәрі күзетке алынған
Лаңкестер әскери қалашықтарға шабуыл жасаған. Қару-жарақтарды ұрламақшы болған қылмыскерлердің әрекетіне әскерилер тойтарыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскери бөлімдер, әуежай, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етудің аса маңызды нысандары күзетке алынды.
Сондай-ақ бақылау-өткізу режимі ұйымдастырылған. Тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай қамтамасыз етілген.