Олардан екі Калашников автоматы тәркіленді
Жамбыл облысының орталығындағы антитеррорлық операция кезінде облыс әкімдігін өртеуге қатысқан күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы өңірде құрылған жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел штабтың мәліметінше, өткен күні облыс әкімдігін өрттеуге және ғимаратты бүлдіруге қатысқан күдіктілер ұсталған. Олардан екі Калашников автоматы тәркіленді.
Жалпы облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 153 адам ұсталып, 10 қарулы қылмыскердің көзі жойылған.