Өңірде антитеррорлық операция кезінде 20 адам ұсталды
Алматы облысында антитеррорлық операция кезінде 20 адам ұсталды. Күдіктілерден 40 отты қару мен 500-ден аса оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, өңірде күштік құрылымдардың лаңкестерді ұстау жұмыстары жалғасып жатыр. Қалаға кіріп-шығатын күре жолдарға блокбекет қойылған. Әскерилер көліктерді тексеріп, жолаушыларды жеке төлқұжаты негізінде өткізіп жатыр.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер бүгіннен бастап шаһар ішіне де бекеттер орнатылатынын айтты. Саладағылар тұрғындарға көшеге себепсіз шықпау керектігін ескертеді.