Ақтөбе облысында омикрон штамы тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде облыс әкімдігінің ғимараты қалыпқа келтіріліп жатыр

Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуал алаңдатушылық туғызып отыр. Өңірде  короновирустың омикрон штамы тіркелді. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар24-ке сілтеме жасап.

Аймақ басшысы қауіпті індеттің белең алуына адамдардың бір орында топталуы да себеп болуы мүмкін екенін айтты.

«Осындай жағдайларға дейін бізде күніне ең көп дегенде 1-2, тіпті мүлдем фактілер жоқ еді. Ал қазіргі таңда осы 70-80 фактіге дейін тіркеліп отыр. Қателеспесем, 70 фактінің ішіндегі 30 шақтысы сол омикрон», - деді облыс басшысы.

Бұдан бөлек, жақында ғана жаппай тәртіпсіздік салдарынан қираған Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты көп ұзамай қалыпқа келтірілмек. Қазір ғимарат тазартылып жатыр. Қаскөйлер баса-көктеп кірген халықаралық әуежайдың жұмысы да реттелді. Дегенмен интернет желісінің баяулығынан екі бірдей авиа компанияның жолаушыларына қызмет көрсету кешеуілдеп жатыр.