«ЦентрКредит банкі» қаза болған полиция мен әскери қызметкерлердің отбасына миллион теңгеден береді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін «Халық банкі» қайтыс болған тәртіп сақшыларының отбасыларына 5 миллион теңгеден бөлетінін хабарлаған

Фото: Reuters

«ЦентрКредит банкі» қайтыс болған тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ЦентрКредит банкі» қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион теңге көлемінде көмек көрсетуге және бұрыннан бар несиелерін есептен шығаруға дайын. Банк қызметтік операция кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін «Халық банкі» қайтыс болған тәртіп сақшыларының отбасыларына 5 миллион теңгеден бөлетінін хабарлаған.