Оларға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының екі қызметкері сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы мен жетекші маманына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген хабарламада.
Маман Алматы қаласының аумағы бойынша жүк көліктерін кедергісіз жүргені үшін делдал арқылы жүк тасымалдаушылардан 200 мың теңге, ал сол бөлімшенің жетекші маманы 270 мың теңге пара алды деп күдіктелуде. Қазір тергеу жүріп жатыр.