Елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 аязға дейін болады
«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«6 қаңтардан бастап Скандинавия аудандарынан келген кезекті циклон республиканың басым бөлігінің ауа-райына әсер етіп, өз жолында жауын-шашын, көбінесе қар, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін.
Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста түнде термометр 0-8 аязға, елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 аязға дейін көтеріледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.