Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтті
Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты», - делінген Ұкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінде.
Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.