Елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 199 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 4 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 8 адам қайтыс болды.

4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 631 адам коронавирус инфекциясынан (–14 717+ және 1 914 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 153 пациент стационарда, 14 478 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 199 адамның жағдайы ауыр,

- 65 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 2 қаңтардағы мәлімет бойынша 3 жаңа жағдай тіркелді, 6 адам жазылып шыққан, 4 өлім жағдайы тіркелді.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 84 233; 

- өлім жағдайы – 5 223;

- барлығы 77 096 адам сауығып шықты.