Тоқаев Маңғыстаудағы жағдай туралы: Демонстранттар жауапкершілік танытуы тиіс

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Ақтауда үкіметтік комиссияның жұмысқа кіріскенін мәлімдеді

Фото: Ақорда

Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Бұл туралы ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді. Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс», - деп жазды Мемлекет басшысы.