Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Автор: Azattyq Rýhy

2021 жылы боксшы екі жекпе-жек өткізді

 

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз дайынбыз» деп жазды Жәнібек.

Әлімханұлы жақында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жекке ресми үміткер болып танылды. WBO Әлімханұлы мен Деметриус Андрадены (31-0, 19 КО) жекпе-жек туралы келісімге келуге міндеттеді.

Еске салайық, 2021 жылы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) екі жекпе-жек өткізді. Маусым айында америкалық боксшы Роб Брунтпен (26-3, 18 КО) жекпе-жек өткізіп, оны сегізінші раундта жеңсе, қарашада француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) жұдырықтасып, оны да сегізінші раундта нокаутқа жіберді.