КВИ-ге шалдыққан 194 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 3 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 5 адам қайтыс болды.
2 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 544 адам коронавирус инфекциясынан (–14 623+ және 1 921 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 152 пациент стационарда, 14 392 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 194 адамның жағдайы ауыр,
- 68 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 1 жаңа жағдай тіркелді, 8 адам жазылып шыққан, 3 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 84 230;
- өлім жағдайы – 5 219;
- барлығы 77 090 адам сауығып шықты.