3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің солтүстік-батыс және оңтүстік аудандарында жел күшейіп, жауын-шашын жауады

Синоптиктер 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР солтүстік-батыс және оңтүстік аудандарына циклон әсер ете бастайды – жауын-шашын жауады, желдің күшеюі, көктайғақ және температураның жоғарлауы байқалады. Еліміздің калған территориясында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде шығысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстігінде – тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, жаяу бұрқасынмен, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады, батысында жел 15-20 м/с соғады.

Түнде Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-батысында жаяу бұоқасын күтіледі.

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі, Алакөл маңында жел 18-23, екпіні 29 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында түнде және таңертең тұманды болады, күндіз батысын мен солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызыолрда облысының солтүстігінде көктайғақ болады, орталығында тұман түседі.