ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Объектілерде "Ashyq" жобасын енгізу және іске асыру жалғасады

 
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан халқы арасында COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін:

Объектілерде "Ashyq" жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  • спа-орталықтар;
  • моншалар, сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;
  • асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • өрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • әуежайлар;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  • балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  • цирктер;
  • отельдер, қонақ үйлер;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  • теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
  • (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық түлік емес) сауда желілері;
  • сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;
  • балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
  • букмекерлік конторалар;
  • сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен  педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
  • барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));
  • спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
  • білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (мұғалімдер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
  • діни объектілер;
  • ойын клубтары (казино);
  • "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
  • түнгі клубтар;
  • банктер, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері.

 2021 жылдың 31 желтоқсанында шыққан қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.