Аяжан Еділованы өлтірген жігіт 25 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен тараптың 26 млрд теңге көлемінде сұраған моральдық шығыны ішінара қанағаттандырылды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы 19 жастағы студент қызды аса жауыздықпен өлтірген жігітті 25 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот отырысы жабық режимде өтті. Сотталушы Рахманберді Төребеков сот отырыстарында қызды зорламағанын, бірақ өлтіргенін мойындады.

Сарапшылар қыздың алдымен зорланғанын айтқан еді. 

«Төребековті 25 жылға бас босандығынан айыру туралы жаза кесілсін. Зардап шеккен тараптың 26 млрд теңге көлемінде сұраған моральдық шығыны ішінара қанағаттандырылсын. Төребековтің есебінен зардап шеккендерге 20 млн теңге көлемінде моральдық шығын алынсын», – деді үкімін оқыған судья Еркін Майшинов.

Естеріңізге сала кетейік, Аяжан Еділов биыл 19 наурыз күні жұмыстан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Оны пәтеріне шақырған жігіт зорлап, өлтіріп, денесін бөлшектеп, мәйіттің әр бөлігін Алматының әртүрлі ауданына тастап кеткен.