Елімізде 5 қаңтардан бастап жаңа шектеулер: ВАК себебін түсіндірді

Azattyq Rýhy

«Омикрон» әлемнің 110 елінде анықталды

5 қаңтардан бастап жекелеген нысандар қызметіне жаңа шектеулер енеді. COVID-19 инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеулердің себебін атады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен жұмыс және демалыс күндері СОО-ға, сауда үйлеріне, сауда желілеріне және караокеге тек «жасыл» статусы бар қызметкерлер мен келушілердің кіруіне рұқсат етіледі, ал жұмыс режимі бойынша шектеу қойылмайды.

«Қабылданған шаралар «омикрон» коронавирусының таралу және жұғу жылдамдығын ескере отырып негізделген, ол қазір әлемнің 110 елінде анықталды, ал бір ай бұрын, яғни 30 қарашада небәрі 10 елде анықталған болатын», - делінген хабарламада.

ВАК сонымен қатар, шаралар эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға, науқастардың көбею қаупін азайтуға және қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған.

«Коронавирустың бұл түрінің жұқпалылығы «дельта» нұсқасынан 5 есе көп, ал қайта жұқтыру қаупі жоғары. ДДҰ болжамы бойынша, ауру бірнеше айда бүкіл әлемге таралады», - деп атап өтті ведомствода.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.