Ақтауда 15-қабаттан құлап кеткен бойжеткен қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен қыз қайтыс болды, деп хабарлайды lada.kz.

Порталдың хабарлауынша, қайғылы оқиға 15-шағынауданда болған. Куәгерлердің сөзінше, қыз 15-шағынаудандағы "Оазис" тұрғын үй кешенінің 15-қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен.

Полиция департаменті 29 желтоқсанда сағат 17:58-де шақырту түскенін мәлімдеді. Марқұм 24 жаста екен.

Ведомство өкілі қазір осы дерек бойынша жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.