Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен 300-ден астам кездесу өткізілді
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитеті биыл атқарған жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Биыл өңірлік және аумақтық партиялық бақылау органдары азаматтардың 1300-ден астам өтінішін қарап, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен 300-ден астам кездесу өткізді. Сондай-ақ 800-ге жуық «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырды. Сонымен қатар, бір жыл ішінде Комитет пен партиялық бақылау комиссияларының мүшелері еңбек ұжымы мен қоғам өкілдерімен 1500-ге жуық кездесу, сондай-ақ 4 мыңнан астам рейд (көшпелі тексеру) жүргізді.
Келесі бірқатар мәселелер нұротандықтардың араласуынан кейін ғана шешімін тапқан. Атап айтсақ, Ақтөбе қаласының «Батыс – 2» шағын ауданында жылу желісін жөндеу жұмыстары аяқталды; Талғар ауданының Нұра кентіндегі тұрғын үйлер су құбырына қосылды және Алматы облысы Іле ауданының Екпінді ауылындағы жол жөнделді; Түркістан облысының Қазығұрт ауданында балабақша қызметкерлеріне жалақылары бойынша қарыз төленді, сондай-ақ, Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер ауылында стихиялық қоқыс орны жойылды.
Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Артур Платонов атап өткендей, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан анықталған тәртіп бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша партиялық шара қолданылды. Ал оған жол берген партия мүшелері жауапкершілікке тартылды.
«Өңірлік комиссиялардың ұсынысы бойынша партияның 261 мүшесі партиялық жауапкершілікке тартылса, ал «Nur Otan» Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 159 партия мүшесі жауапқа тартылды. Партия қатарын «тазарту» одан әрі жалғасуда. Мәселен, биыл Жарғы талаптарын сақтамағаны, партиямен байланысын үзгені және басқа да заң бұзушылықтар үшін партиядан 41 мыңнан астам адам шығарылды. Айта кетсек, мұндағы мақсат жазалау емес», – деді Артур Платонов.
Жыл бойы Комитет мүшелері қазақстандықтарды толғандыратын көптеген жәйттарды, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін қарады. Енді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіндегі ең проблемалық нысандардың жұмысына партиялық бақылау комиссияларының нақты бір мүшесі мен «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаттары бекітілді. Денсаулық сақтау министрлігі Партиялық бақылау комитетінің араласуынсыз халықты вакцинациялау қарқыны мен көлемін ұлғайтты және Жамбыл облысында «QazVac» отандық вакцинасын шығаратын зауытты пайдалануға беруді жеделдетті. Сондай-ақ, нақты уақыт режимінде тұрғын үй құрылысының сапасына мониторинг жүргізу үшін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Е-Qurylys» ақпараттық жүйесі іске қосылады.
Артур Платоновтың айтуынша, бұл партиялық бақылау органдарының ұсыныстары сияқты тиімді құралдың арқасында мүмкін болып отыр. 2020 жылы 5899 ұсыныс орындалса, ал биыл – 7156 орындалған.
«Партиялық бақылу комитетінің орындалған ұсынымдарының орындалуы жалпы санына шаққанандағы орташа үлесі 2%-ке өсіп, 85,5%-ті құрады. Бұл ретте мұның қаралатын мәселелер мен қабылданатын шешімдердің жалпы ұлғаюынан ғана емес, шешімдердің орындалуын бақылаудың тиімділігін едәуір арттыру есебінен болғанын атап өту қажет», – деп түйіндеді Комитет төрағасы.