Қала тұрғындарына маска режимін сақтау туралы ескертілді
City Transportation Systems елордада мереке күндері қоғамдық көліктің қалай жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдағы мереке күндеріне байланысты 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтарда қоғамдық көлік демалыс күнгі кесте бойынша жүреді. Яғни, жолаушылар ағынының азаюына байланысты желіге аз автобус шығады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», - деп атап өтті компания.
Сондай-ақ, қала тұрғындарына маска режимін сақтау туралы ескертілді.
«Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жолақысын тек қолма-қол ақшасыз, яғни көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы төлеуге болады», - деді көлік компаниясы.