Әлемдік рейтинг: үш қазақстандық дзюдошы топ-10 қатарынан көрінді

Автор: Azattyq Rýhy

Келесі маусымда Сметов пен Қырғызбаев 66 келіге, Серікжанов 73 келіге ауысады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жылдың қорытынды рейтингін жариялады. Үздік ондықтың қатарында үш қазақстандық спортшы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілетеме жасап.

Олимпиада комитеті ұсынған деректерге сүйенсек, 60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов алғашқы ондыққа енді.

Нақтырақ айтқанда 258 дзюдошының ішінде Ғұсман Қырғызбаев 9-орында, ал Елдос Сметов 10-орында тұрақтаған.

Сондай-ақ, 66 келідегі 327 спортшының ішінде қазақстандық Елдос Жұмаханов 19-шы, Ерлан Серікжанов 22-ші сатыда.

73 келідегі Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте 8-ші орында тұр. 81 келіде Дидар Хамза 32-ші сатыға тұрақтаса, 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев 18-ші орынға табан тіреді. Ал, аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев 33-ші орыннн көрінді.

Айта кететін жайт, келесі маусымда Сметов пен Қырғызбаев 66 келіге, Серікжанов 73 келіге ауысады.