Ол параны құрылыс компаниясы басшысынан алған
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары А.Темір кәсіпкерден пара алғаны үшін сотталды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Экс-шенеунікке үкімді Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық соты шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен айыпты деп танылған. Сот үкіміне сәйкес А.Темір енді 14 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Экс-орынбасар түрмеге қамалмайды.
Айта кетейік, А.Темір Түркістан облысы Бәйдібек би ауданында фронт-офис құрылысының шарты бойынша 22 184 000 теңге сомасына ақша қаражатын аударғаны үшін ЖШС директорынан алаяқтық жолмен 1 000 000 теңге сомасында ақша қаражатын алды деп күдікке ілінген болатын.