Содырлар көлік иелері мен такси жүргізушілерін хиджаб кимеген жағдайда әйелдерге қызмет көрсетуден бас тартуға шақырды
"Талибан" радикалды қозғалысының содырлары ауған әйелдеріне жалғыз жүруге тыйым салуды күшейтті. Бұл туралы BBC News хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Талибан әйелдерге ер адамдарсыз алыс қашықтыққа сапар шегуге тыйым салған. Тиісті құжатта әйелдердің 72 шақырымнан асатын қашықтыққа жалғыз сапарлауына тыйым салынатындығы көрсетілген. Сондай-ақ, содырлар көлік иелері мен такси жүргізушілерін хиджаб кимеген жағдайда әйелдерге қызмет көрсетуден бас тартуға шақырды.
Айта кетейік, 23 желтоқсанда Ауғанстанның Газни провинциясындағы Мукур аймағында Талибан дәрігерлерге еркек туысының орнына әйел туыстарын ауруханаға алып баратын науқас әйелдерге көмек көрсетуге тыйым салынған болатын.