$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында жыл басынан бері жемқорлар мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген 442 млн теңгені жымқырған

Мемлекет қаражатына қол салғандарды прокуратура анықтаған

Қызылорда облысында жыл басынан бері жемқорлар мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген 442 млн теңгені жымқырған
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында 2021 жылы мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген 442 миллион теңге ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетті. Ол бойынша 10 қылмыстық дерек әшкереленген екен, деп хабарлайды Экспресс К.

"Нұрлы жер", "Жұмыспен қамту жол картасы", "Агорөнеркәсіптік кешенді дамыту" бағдарламаларына арналған қырауар қаражатты жемқорлар қолды қылды. Мемлекет қаражатына қол салғандарды прокуратура анықтаған. Мәселен, Аралда қуаңшылықтан жұрт малға азық таппай жатқанда, ауылшаруашылығына бөлінген субсидияның 160 миллион теңгесі жымқырылған.

«Ауыл шаруашылығы саласында 160 миллион теңге субсидия қаржысын жымқыру cхемалары анықталып,4 қылмыстық іс тіркелді.Аталған деректер бойынша тіркелген 4 қылмыстық істің біреуі бойынша сот үкімі қабылданды. Тағы бірі сотта қаралып, екеуі тергеліп жатыр», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық прокуратурасы.

Сөйтсе де, бұған қатысты салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары мен басқарманың қызметкерлері тек тәртіптік шарамен құтылған.

Серіктес жаңалықтары