Шенеуніктер қарамағындағы қызметкері жемқорлық жасағаны үшін неліктен жұмысынан кетпейді – Антикор жауабы

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы екі жылда 264 мемлекеттік қызметкер жазаланған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасағаннан кейін неліктен басшысы жұмыстан босатылмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы заң 2019 жылдың желтоқсанында енгізілгенін еске салды. Осы уақыт ішінде 264 мемлекеттік қызметкер жазаланған.

«Биыл 9 ай ішінде қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 9 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кетті, үш жағдайда отставка қабылданды, ал 6 жағдайда отставка қабылданбады. Бірақ қабылданбаған алты жағдайдың бесеуінде саяси мемлекеттік қызметкерлер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті Ерлан Сапаров.

Ол сондай-ақ, егер мемлекеттік қызметшінің отставкасын жоғары басшы қабылдамай, тәртіптік жауапкершілік түрінде жазалауға құқығы бар екенін түсіндірді.