Жамбыл облысында балабақшаның біріне бөлінген қаражаттың 54 млн теңгесі жымқырылған

Автор: Azattyq Rýhy

Балабақшаның бюджеті бойынша жауапты қызметкер ақшаны өзінің карточкалық шотына заңсыз аударған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Qamqor» жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы қызметкерінің ақша қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

«Тергеу барысында балабақшаның бюджеті бойынша жауапты қызметкер Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өзінің карточкалық шотына заңсыз ақша аудару арқылы жалпы сомасы 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», -делінген ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осылайша мемлекеттік бюджеттің қаражатын жымқырған Д. Әбибуллаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгінде ол 18 млн теңге мөлшеріндегі залал сомасының бір бөлігін өтегені белгілі болды.