Бақыт Сұлтанов Ауғанстанда әкімшілік өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
155 тонна көлемінде азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген жүк Қабылға жөнелтілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда келіссөздеріне Ауғанстанға келген қазақстандық делегация жылы киімдер мен дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып келді.
Оны бейінді министрліктің басшысы Бақыт Сұлтанов басқарды. Ол қазіргі әкімшілік өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, «Талибан» қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған.