Бұл соңғы пандемия емес – БҰҰ Бас хатшысы

Автор: Azattyq Rýhy

27 желтоқсан – эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясы адамзат үшін соңғысы емес екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антониу Гутерриш өзінің Twitter аккаунтында жариялаған хабарламасында: «Коронавирус адамзат тап болатын соңғы пандемия емес. Біз қазіргі вируспен күресіп жатқанда келесісіне де дайын болуымыз керек», - деп жазады.

БҰҰ Бас хатшысы әлемде жыл сайын 27 желтоқсан – эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күні екенін атап өтіп, әлем елдерін пандемия мәселесіне тиісті көңіл бөлуге және инвестиция тартуға шақырды.