$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысындағы өрттен бір адам көз жұмды

Тағы бір ер кісі ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысындағы өрттен бір адам көз жұмды

Павлодар облысы Ертіс ауданы Ленин аулындағы ғимараттардың бірінде өрт шығып, салдарынан бір бір адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт туралы хабарлама бөлімшеге түн ортасында келіп түскен. Белгілі болғандай, тілсіз жау 105 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан бір ер кісі көз жұмып, бір адам аурухана жатқызылды.

«27 желтоқсанда сағат 02:05-те Ертіс ауданы, Амангелді а/о, Ленин ауылы мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін Ертіс ауданының орталық ауруханасына 1968 жылы туған ер адам жеткізілді. Сонымен қатар, ғимараттың кіреберісіндегі дәлізде 1970 жылы туылған ер адамның денесі табылды. Өрт сағат 07:35-те сөндірілді. Себеп пен залал анықталуда. Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 6 адам және 2 бірлік техника, сондай-ақ, полиция, жедел-жәрдем қызметтері жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары