Қазақстанда жыл басынан бері 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 991 нұсқама беріліп, 133,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

Фото ашық дереккөзден

Биыл 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 956 кәсіпорнында 24,5 мың жұмыскердің алдында 5,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 991 нұсқама беріліп, 133,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.