COVID-19 инфекциясын жұқтырған 273 науқасдың жағдайы ауыр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Жасанды тыныс алу аппаратында 61 науқас жатыр

Фото ашық дереккөзден

22 желтоқсандағы мәлімет бойынша 18 852 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 3 207 пациент стационарда, 15 645 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқастар арасында:

  • жағдайы ауыр – 273 науқас;
  • жағдайы өте ауыр – 72 науқас;  
  • жасанды тыныс алу аппаратында жатыр – 61 науқас.