Сондай-ақ бір жылда Қазақстанға 8300 адам қоныс аударған
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 27 723 адам Қазақстаннан көшіп кеткен. Олардың арасында білікті дәрігерлер, мұғалімдер мен қаржыгерлер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сондай-ақ биыл елімізге 8300 адам қоныс аударған.
«Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің жалпы санының үлесі сәйкесінше 84,4% және 85,9% құрады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ел ішінде көшіп-қону бойынша 2020 жылғы қаңтар-қазан айымен салыстырғанда, 5,3%-ға азайған.
Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтан (25086 адам), Алматы (24351 адам), Шымкент (9459 адам) қалаларына және Маңғыстау облысына (238 адам) көшіп келушілер саны арта түскен.