Алматыдағы метродан түтін шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Метрополитен штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Әлеуметтік желіде Алматы метросындағы төтенше жағдайдың видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, пойыздан түтін шығып, құрам тоқтаған бетте жолаушылар бірден сыртқа шығарылған.

Өз кезегінде қалалық метрополитеннің баспасөз қызметі оқиғаның себебін айтты.

«Пневматикалық тежеу іске қосылды, нәтижесінде тежегіш қалыптары қызып кетті. Қазіргі уақытта нақты себеп анықталуда, құрам желіден алынып, диагностика жасау үшін электрдепоға жіберілді», -делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір кесте бойынша өзгерістер жоқ, метрополитен штаттық режимде жұмыс істеп тұр.