Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер сейсенбі, яғни 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, түнде елдің оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын, найзағай ойнайды. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады», - делінген хабарламада.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел соғады, түнде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі, облыстың таулы, тау бөктері аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде таубөктерінде 23-28 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде 15-20 жел жаяу бұрқасынмен күшейеді, облыстың солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен соғады, күндіз облыстың шығысында көктайғақ болады.
Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.