Келер жылы үш мемлекеттік компания IPO-ға шығады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір халықтық IPO-ға 204 мың қазақстандық қатысып отыр

Қазақстан 2022 жылы IPO-ға «ҚазМұнайГаз», Air Astana және «Тау-Кен Самұрық» пакеттерін шығарады деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы вице-министрі Данияр Жаналиновтың айтуынша, алдағы екі жылда IPO-ға алты компания өз акцияларын шығарады.

«Біз 2022 жылға үш компанияны шығаруды жоспарлап отырмыз — олар «ҚазМұнайГаз», «Тау-Кен Самұрық» және Air Astana. 2023 жылы «Қазпошта», «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан темір жолы» IPO арқылы жекешелендіру жоспарлануда. Бұл өз салаларындағы экономиканың негізгі драйверлері, сондықтан халық арасында үлкен қызығушылық болады деп ойлаймын», − дейді вице-министр.

Белгілі болғандай, қазір халықтық IPO-ға 204 мың қазақстандық қатысып отыр.