Қыздың ұзатылу рәсімі Алматыда өткен
Тағы бір қазақ қызының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнежазбада басына сәукеле киген бойжеткенге күйеу жігіт тарапы ақша шашып жатқан сәтін көруге болады.
Сенімді дереккөз мәліметінше, қыздың ұзатылу рәсімі Алматыда өткен.
Рима Нұрлыбекқызы есімді Facebook қолданушысы қазақ қызының ұзатылу сәтінің видеосын жариялады. Онда жерге төселген ақ мата үстімен қазақтың ұлттық киімін киген бойжеткен келе жатқанын көруге болады. Осы сәтте күйеу жігіт тарапы қызға уыс-уыс ақша шашады. Келесі бір видеода африкалық құдаға шапан жабылады. Салтанатты рәсім зәулім хан сарайындай мейрамхана емес, үйдің ішінде түсірілгенін байқауға болады.
«Енді тағы да қазақ қызы африкалық жігітке тұрмысқа шығып жатыр. Жәй ғана шын бақыт тілейікші. Бақытты болсын! Қазақ елі мен Африка елі тоқтаусыз құда болып жатырмыз. Африкалықтарды төрімізге шығарып, шапан жауып...», - деп жазды автор.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қыздың бұл шешімін бұрыс деп, өкініштерін жеткізді. Ал енді бірі ұлттың жаманы болмайтынын айтып, әркім өз тағдырына өзі жауапты екенін білдірді.