Иманбек мінген спорттық көлік шамамен 120-130 миллион теңге тұрады
Талантты жерлесіміз өзінің "Приорасын" тастап, ерекше спорткар сатып алды. Ол табынушыларын тек жаңа көлігімен ғана емес, жаңа туындысымен де таң қалдырды, деп жазады Экспресс К.
Иманбек Instagram парақшасында оқырмандарына жаңа Lamborghini спорткарының рөлінде отырып, танымал музыканттармен бірге жазған жаңа әнінің үзіндісін бөліседі.
Алайда Иманбекті сынға ала жөнелетін желіқолданушылар да бар. Олар "Қауіпсіздік белбеуін тақпай ма?", "Ақшам болса, мен де жаңа машинаммен мақтанар едім", "Әйтеуір сәттілік серік болды, саған" деген секілді сөздерімен қағытып қалуда.
Еске сала кетейік, Иманбек мінген спорттық көлік Қазақстан нарығында шамамен 120-130 миллион теңге тұрады.