Ескерткіштің ашылуы 27 желтоқсанға ауыстырылған
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ұлы ақын Абайдың ескерткішін орнатуға бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін ұсталған болатын. Осыған байланысты дайын тұрған ескерткіштің ашылу салтанаты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату туралы ұсыныс 2018 жылдың 5 сәуірінде Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткішін қорғау жөніндегі комиссия отырысында мақұлданып, Мәдениет министрлігіне жолданған. Ал Мәдениет және спорт министрлігі 17 шілдеде ұсынысты мақұлдау туралы шешім шығарды.
Одан кейін Абайдың мүсінін жасауға жарияланған байқауда мүсінші Асқар Нартовтың туындысы жеңіп шықты.
Қазіргі уақытта ұлы ақынның ескерткіші дайын тұр. Қоладан жасалған ескерткіштің салмағы – 5 тонна, биіктігі – 11 метр.
Бақытгүл Хаменова ұсталғаннан кейін ескерткіштің ашылу рәсімі 27 желтоқсанға ауыстырылды.