Облыс әкімінің орынбасары бұл қызметке биыл шілде айында тағайындалған еді
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат расталды деп жазады ҚазТАГ құқық қорғау органындағы дереккөзге сілтеме жасап.
«Ол бүгін таңертең ұсталды», - делінген аталған хабарламада.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мөрі басылған құжат та тарап кетті. Онда Б.Мәнізоровтың 25 қыркүйек күні ұсталғаны, оған ҚР ҚК 366-бабының үшінші тармағы бойынша айып тағылғаны жазылған.
Еске салайық, Бағдат Мәнізоровтың қамауға алынғаны туралы ақпарат бұған дейін тараған болатын. Дегенмен, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бүгін Мәнізоровтың іс-сапарда екенін мәлімдеген еді.